Шымкент полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша шаралар қабылдауда
Шымкентте Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол -көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 наурызы күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері А.Манапов әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, төтенше жағдайларға ұшырататын, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соқтыратын факторларды жою және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қызметкерлеріне Шымкент қаласының көшелерінде орнатылған бейнебақылау камералары туралы және қала аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктерге салынатын айыппұлдар туралы дәріс өткізді. Сондай-ақ ол дәріс барысында қойылған сауалдарға жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырды.