Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңнан астам азамат жүгінген
Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңнан астам азамат жүгінген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының 102 арнасына түрлі сипаттағы 7105 қоңырау түсті.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен бес қылмыс ашылды (екі ұрлық, үш бұзақылық жайттары). Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, 1929 әкімшілік құқық бұзушылық жайты анықталды. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдалану орындарын ластау) – 298 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 34 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) 35 жайт бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 1106 жол қозғалысы ережелерін бұзу және 456 өзге де құқық бұзушылық анықталды.