Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясының қамқорлығындағы жасөспірімдер "Үміт кубогы" турнирінде жеңімпаз атанды

Шымкент полициясының қамқорлығындағы жасөспірімдер "Үміт кубогы" турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері баскетболдан Алматыда өткен "Үміт кубогының" жеңімпаздары атанды.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған 22 команда қатысты. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері намысты қолдан бермеу үшін барын салды.

Ұлдар арасындағы ойында үшінші мегаполистің ойыншылары жүлделі І-орынды иеленсе, қыздар арасындағы тарысты бәсекеде аруларымыз ІІІ-орынға жайғасты. Полиция департаменті ұжымы жеңімпаздарды теміржол вокзалынан күтіп алып, жеңіспен құттықтады.

Айта кетейік, №4 өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері 2019 жылдан бері Шымкент қалалық ПД-ның қамқорлығында. Тәртіп сақшылары балалардың болашағына және олардың тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, барлық қажетті жағдайды жасауда.

Оған дәлел, полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында спорт үйірмесін ашып, буыны қатпаған жас жігіттерді жаттықтырумен айналысады. Қазіргі таңда аталған мекемеде тәрбиеленуші 34 ұлдың барлығы 100 пайыз спорт үйірмесіне қатысып, салауатты өмір салтын ұстанады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру