Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция департаментінде Ғазиз Байтасовтың рухына тағзым етілді

Шымкент қаласы полиция департаментінде Ғазиз Байтасовтың рухына тағзым етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының полиция департаментінде Халық қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға полиция қызметкерлері мен "Жас сақшы" полиция сыныптарының оқушылары қатысып, ерлік пен адалдықтың үлгісін көрсеткен қаһарман офицердің рухына тағзым етті.

Жас сақшылар қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған обелискке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Полицейлердің айтуынша, мұндай іс-шаралар халық батырларын ұмытпауға, жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру