Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы болып Қайрат Дәлбеков тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Қайрат Дәлбеков тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев пен Қайрат Дәлбеков Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына барып, қала аумағында жаңадан іске қосылған бейнебақылау камераларының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру