Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны 100 метрлік интернет сымдарын ұрлап кетті

Шымкент тұрғыны 100 метрлік интернет сымдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, М.Данов және Ғ.Іляев көшелерінің қиылысында ұзындығы жалпы 100 метрді құрайтын интернет сымдарын белгісіз адам жасырын түрде ұрлап кеткен.

Аталған жайт тәртіп сақшыларымен ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі нәтижесінде, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру