Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды

Шымкент тұрғыны алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданды Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, екі жылдан бергі танысы Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде оқитын туған сіңлісінің мамандығын басқа факультетке ауыстырып беретінін айтып, сендіріп, алаяқтық жолмен 550 мың теңгесін иемденіп алған. Уәдесінде тұрмай, қаржыны да кері қайтармаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Ол 41 жастағы жұмыссыз әйел болып шықты.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барған және өз кінәсін толықтай мойындап, бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру