Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны таныстарын 1,5 млн теңгеге алдап кеткен

Шымкенттің үш тұрғыны көкөніс сатушыға мемлекеттен субсидия алуға көмек береді деген үмітпен 1,5 млн теңге берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мегаполис полицейлеріне өз танысының алаяқтығының құрбаны болған әйел арызданды. Жәбірленушінің айғақтарына сүйенсек, қаскүнем оны өз таныстары арқылы мемлекеттен өтеусіз грант алуға көмектесетініне сендірген. Бизнес идеяларын жүзеге асыруға қаражат ұтып алу үшін сенгіш азамат жарты миллион теңгеден астам ақша төлеген. Біраз уақыттан кейін алаяқ өзінің уәдесін орындамай, арызданушымен араласудан қаша бастаған.

Алаяқтық жайты бойынша Абай АПБ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел уәкілдер күдіктіні ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Оның көкөніс базарында сауда жасайтын 38 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.

– Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен тағы екі адам анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта айыптау актісі бар қылмыстық іс сотқа жіберілді, – дейді тергеуші Данияр Жамбылов.

Сондай-ақ әйелдер өз ісін бастау үшін қайтарымсыз грант алуға және туыстары үшін АӘК төлем алуға үміттенген.

Тәртіп сақшысы азаматтарды алаяқтардың айла-амалына түсіп қалмай, мемлекеттік қызметтерді тек тиісті мекемелерде және заң аясында алуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру