Шымкент тұрғыны танысының қымбат телефонын қолды қылды
Шымкент тұрғыны танысының қымбат телефонын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда бірге тұрып жатқан танысы жалдамалы пәтерден өзіне тиесілі ұялы телефонын қолды еткенін жазып көрсеткен. Яғни, оның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланған танысы Iphone ұялы телефонын иемденіп, ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 570 мың теңгені құрады.
Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алды.
Ұрыны ұстау мақсатында Әл-Фараби АПБ-ның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған азаматшаны полицейлер қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қолды болған телефон иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ұсталған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.