Шымкентте 10 күнде абаттандыру ережелерінің 500-ге жуық бұзушылығы тіркелді
Шымкентте 10 тәулік ішінде абаттандыру ережелерінің 500-ге жуық бұзушылығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төккен тұрғындарды анықтау бойынша «Таза қала» рейдік іс-шарасын жалғастырып жатыр. 2021 жылдың 5 мамырында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақта аралау жұмыстарын жүргізу барысында қаладағы 17 шағын ауданы 12a үйдің тұрғыны аулада құрылыс қалдықтарын қалдырғанын анықтады. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жергілікті тұрғын ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігімен (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.