Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 100 шақты адам жиналып, «Қораз төбелестіру» өткізген 

Шымкентте 100 шақты адам жиналып, «Қораз төбелестіру» өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейдтік іс-шара барысында Қаратау ауданына қарасты Сайрам елдімекені, Жаңа-құрылыс көшесі нөмірсіз мекен-жайдан жергілікті тұрғын 100 шақты адамды жинап, «Қораз төбелестіру» өткізіп жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына карантин режимінің бұзылуына жол берген азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру