Шымкентте 16 жастағы жасөспірімнен қару табылды
Шымкентте 16 жастағы жасөспірімнен қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
23 ақпанда Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімі мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп «Бала және отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша рейд жүргізген. Нәтижесінде, кәмелетке толмаған жасөспірімнің сөмкесінен қару табылып, куәгерлердің қатысуымен заттай дәлелдеме ретінде тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда 16 жастағы жасөспірімге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласының полицейлері ата-аналарға баларының тәртібі мен тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік танытуын сұрайды.