Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 2 жастағы баласымен жоғалып кеткен әйел табылды

Шымкентте екі жастағы баласымен жоғалып кеткен әйел табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 маусымында Қаратау ауданының ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында сағат 18:00 шамасында 30 жастағы қызы мен екі жастағы немересі үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен. 30 жастағы әйел жүйке жүйесі диспансерінде есепте тұрады. Алдын бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Бұл жолы әпкесінің екі жасар баласын жетектеп кеткен.

Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалғандар туралы сұрастырды.

Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 14 маусым күні сағат 13:00-де полиция қызметкерлері жоғалғандарды “Қайнарбұлақ” саяжайынан адасып жүрген жерінен аман-есен тауып, үйіне жеткізді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру