Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 200-ден астам полицей марапатталды

Шымкентте 200-ден астам полицей марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Qyzgaldaq Saraiy концерт залында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, полиция департаментінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері және қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары қатысты.

Салтанатты шара мемлекеттік туды ортаға алып шығумен және әнұранның орындалуымен басталды. Қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Құқық қорғаушыларға адал қызметі үшін алғыс білдіріп, табыс тіледі. Жиын барысында кәсіби міндетін мінсіз атқарған полиция қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді атсалысқан қала тұрғындарына алғыс хаттар табыс етілді.

Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің құттықтауын жеткізіп, әріптестеріне антқа адалдық пен ерен еңбегі үшін алғыс білдірді. Полиция полковнигі қызметкерлердің нәтижелі жұмысына тоқталып, қоғамда “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету әділетті әрі қауіпсіз мемлекет құрудың негізі екенін ерекше атап өтті.

Үздік қызметкерлер ІІМ және Шымкент қаласы полиция департаментінің марапаттарына ие болды. Ерекше құрмет қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген сақшылардың аналарына көрсетілді – оларға “Офицердің анасы” төсбелгілері табысталды.

Шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен қорытындыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру