Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 21 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Шымкентте 21 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында 19-23 мамыр аралығында көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау және заңсыз көші-қонның алдын жолын кесу мақсатында және республика көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 125 құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың басым бөлігі шетел азаматтарымен жасалған. Атап айтқанда, 120 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 21-ы ел аумағынан шығарылды: 120 — ТМД елдерінің азаматтары, 5 — алыс шет мемлекеттердің өкілдері. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 38 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың қатарында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 жұмыс беруші бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру