Шымкентте 300 электрсамокат айыптұраққа қойылды
Шымкентте 300 электрсамокат айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен аптада Шымкент қаласында көшеде қалған 300-ге жуық электрсамокат айыптұраққа жеткізілді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пайдаланушылар ретсіз тастап кеткен самокаттар көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқаны туралы тұрғындар жиі шағымдануда.
Жол оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтер жүргізіп, электрсамокаттарды пайдаланудағы ереже бұзу жайттарын анықтауда.
Полицейлер жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, азаматтарды самокатты қолдану барысында жауапты болуға шақырды.