Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 шілдеден бастап республика көлемінде “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті Полиция қызметі басқармасы мен Шымкент қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесе “Бадам” және “Тоғыс” су қоймасына бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Айта өтейік, “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Жалпы өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде, барлығы 405 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру