Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының аумағында 14-23 ақпан аралығында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Осы орайда, жолдағы жүргізушілер мен ата-аналардың  қырағылығын арттыру және балалардың көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын  қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Іс-шараның төрт тәулігінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 332 сабақ өткізіліп, дәріс оқылды. Сонымен қатар, балаларды автокөлікпен тасымалдайтын 83 жүргізушіге жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін белгіленген авто кресломен тасымалдау туралы сұхбаттар жүргізілді.

Бұдан бөлек, іс-шара кезінде қала аумағында 534 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы (Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту) бойынша 89 азамат, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) сәйкес 68 тұрғын жауапқа тартылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 53 жүргізушіге, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу)-102 тұрғынға, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес 159 адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

– Біздің міндетіміз – тек жүргізушілердің ғана емес, балалардың назарын аударту, оларға бар маңыздылық пен жауапкершілікті, жолдағы тәртіп пен сақтық шараларын ұстану керектігін жіті түсіндіру. Балалар кішкентайынан ата-аналары және мектепте жол жүрісі ережелерін үйреткендіктен, көбіне жолда жүру тәртібін біледі. Сондықтан жүргізуші мен жаяу жүргіншіден жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз, – деп атап өтті жол қозғалысын қадағалау тобының аға инспекторы Ғ.Тұрсынбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру