Шымкентте абаттандыру ережелерін бұзған азаматқа айыппұл салынды
Шымкентте абаттандыру қағидаларын бұзған азаматқа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 27 сәуір күні Шымкент қаласы ПД Қаратау ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Тассай тұрғын алабында рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Рейдтік іс-шара нәтижесінде Ақсүмбе көшесіндегі бордюрларды заңсыз бұзған азаматқа ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) әкімшілік хаттама толтырылды. Абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін тұрғынға айыппұл салынды.