Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

Шымкентте абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті азаматтың Мирас шағынауданы Құлыншақты көшесінің бойына құрылыс қалдықтарын тастағанын анықтаған.

Абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру