Шымкентте алаяқ танысын 1,5 млн теңгеге алдап кетті
Шымкентте алаяқ танысын 1,5 млн. теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы көлік сатып алып, сенің атыңа тіркеймін деп сеніміне кіріп, 1,5 млн. теңгесін алып, бірақ автокөлікті сатып алғаннан кейін өзінің анасының атына рәсімдеп, алдап кеткендігін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.