Шымкентте алаяқ тұрғынның есепшотынан 250 мың теңгедей ақша жымқырды
Шымкенттік полицейлер алаяқтық жолмен тұрғынның есепшотынан 250 мың теңгесін иемденіп кеткен әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам Whatsapp желісі арқылы сеніміне кіріп, SMS ретінде келген «құпия сөз» сандарын біліп алып, есепшотында болған 247 мың теңгені өзіне иемденіп кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықтап, басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.