Шымкентте алтын бұйымдарды ұрлап кеткен азаматша ұсталды
Шымкентте алтын бұйымдарды ұрлап кеткен азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 19 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2021 жылдың 5 наурыз күні сағат 17:00-де белгісіз біреу жалпы бір миллион теңге тұратын, алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.