Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте арнайы жасақ қызметкерлері Ұлттық спорт күнін атап өтті

Шымкентте арнайы жасақ қызметкерлері Ұлттық спорт күнін атап өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағы бүгінгі мерекеде спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Полицейлер қол күрес, арқан тарту және басқа да спорт түрлерінен бақ сынап, өздерінің жоғарғы физикалық дағдылары мен командалық бірлігін көрсетті.

Іс-шараға қатысушылар спорттық даярлығын нығайтып қана қоймай, тұтастықты, жаңару мен қуанышты бейнелейтін наурыздың рухын тамаша жеткізді.

- Бүгінгі жарыс – бұл спорттық дағдыларды көрсету ғана емес, Наурыз мейрамының дәстүрлерін сақтау. Мұндай іс-шаралар спортпен айналып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын еске салады, — деп атап өтті спортшы полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру