Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 53 жастағы әйел ұсталды

Шымкентте аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 53 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қала аумағындағы көшелердің бірінде аса ірі мөлшердегі есірткіні сақтап, тасымалдап жүрген 53 жастағы Түркістан облысының тұрғынын құрықтады.

Жеке тінту барысында аталған азаматшадан пакетке салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон екендігі расталып, жалпы салмағы 39 грамды құраған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері бұл есірткі заттарының қайдан жеткізілгенін және қылмысқа қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша қосымша жедел-іздестіру жұмыстарын атқарып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру