Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте асыққан жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте асыққан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері патрульдеу кезінде Арғынбеков-Өтегенов көшелері қиылысында Opel маркалы автокөліктің жүргізушісі авариялық жағдай жасағанын анықтаған.

 

Осындай өрескел бұзушылық үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігіне (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалады. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру