Шымкентте Audi-100 автокөлігінің жүргізушісінен қару тәркіленді
Шымкентте Audi-100 автокөлігінің жүргізушісінен қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап республика көлемінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Нәтижесінде қала аумағында Audi-100 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөлік ішінен бір дана шолақ мылтық бар екендігі анықталды.
Аталған автокөлік иесі Әл-Фараби АПБ-на жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.