Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері кинологиялық орталыққа экскурсия жасады

Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері кинологиялық орталыққа экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Балалар күніне орай қаланың тәртіп сақшылары өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін полиция департаментінің кинологиялық орталығына шақырды.

Мұнда жеткіншектер полицияның қызметтік иттерімен танысып, олардың жұмыс барысындағы мүмкіндіктерін өз көзімен көре алды. Сондай-ақ балаларға мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Қуанышқа толы күн мұнымен аяқталмады. Балалар полицейлермен кинотеатрға барып, қызықты мультфильм тамашалады.

Атап өтетін жайт, Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мегаполистің полиция қызметкерлері 5 жылдан бері қамқорлық көрсетіп келеді, әрбір мейрамда балаларды назарсыз қалдырмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру