Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте балалар үйінің түлектері «Жас Ұлан» әскери мектебіне оқуға түсті

Шымкентте балалар үйінің түлектері «Жас Ұлан» әскери мектебіне оқуға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 9-сыныпты бітірген №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Станислав Фролов пен Тимур Селезнев С.Рахимов атындағы Шымкент республикалық «Жас Ұлан» әскери мектебіне оқуға түсті.

Естеріңізге сала кетейік, аталған балалар үйінің тәрбиеленушілері 2019 жылдың басынан бері Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің қамқорлығында. Департамент бастығы Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен полицейлер балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуда.

Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері балалар үшін көптеген ойын-сауық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, балалар үйінде бірнеше спорт түрлері бойынша үйірмелер ашылып, нәтижесінде тәрбиеленушілер республикалық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.

Айта кетейік, бұған дейін №4 балалар үйінің түлегі Александр Речинский Полиция департаментінің қолдауымен Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түскен болатын.
Мекеме тәрбиешілерінің айтуынша, полиция қызметкерлерінің қамқорлығының арқасында балалар үйінің түлектері маңызды және батыл мамандықты таңдады. Полиция қызметкерлері оларға үлгі болып, жарқын болашаққа апаратын дұрыс жол таңдауға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру