Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте банк қызметкері түркістандықтың атынан несие алған

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан банк қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Жәбірленуші Шымкентте орналасқан тұрмыстық техника сататын дүкендердің біріне барған. Таңдаған техникасын несиеге рәсімдеу кезінде банк қызметкерлерімен жәбірленушіге 605 000 теңге рәсімделген. Алайда қызметкер азаматшаға банк 300 000 теңге шығарғанын айтып, қолына бірде-бір құжат бермеген. Уақыт өтіп, несие төлемін жасамақ болған жәбірленуші банк қызметкерінің өзінің сыртынан 605 000 теңгеге несие рәсімдегенін біліп, жедел түрде полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілген. Қазіргі таңда азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру