Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы 4 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде Жедел басқару орталығына 8 мыңға жуық қоңыраулар қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 16-22-тамыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түрлі сипаттағы 7 883 қоңырау келіп түсті. Оның – 3 514 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы төрт қылмыс «ізін суытпай» ашылған.

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 885 жайт анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 36 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 43, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 34, жол қозғалысы ережелерін бұзу 607 және өзге де 165 құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру