Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылды

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткізді.

Қаланың бас полицейінің айтуынша, Шымкент аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1 500 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл бейнекамералар арқылы Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойында қылмыстың алдын алуда, оны ашуда және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау бойынша жұмыс атқарады.

 

Осыған дейін 479 бейнебақылау арқылы бір тәулікте 1 мыңға дейін әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, қазір 1 500 бейнебақылау арқылы бұл көрсеткіш 2 500-3 000-ға дейін артты.

Полиция қызметкерлері бейнекамералар арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті мекенжайға GPS-навигация жүйесі арқылы жақын жүрген полицияның экипаждарын құқық бұзушыға әкімшілік хаттама рәсімеу үшін жолдайды.

Ал 100 көше қиылыстарына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 877 бейнебақылау және көше желілеріне 800 бейнебақылау жүйелері орнатылып, яғни жалпы 1 677 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда.

2021 жылдың 11 айында Жедел басқару орталығының 1 500 бейнекамерасының көмегімен 288 қылмыс (өткен жылы – 200) ашылған. Сонымен қатар, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 48 823 жайт (өткен жылы – 37 627) анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру