Шымкентте бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды
Шымкентте бір апта ішінде ЖБО бейнекамераларының көмегімен сегіз қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі сипаттағы 7861 қоңырау түсті. Оның 3492 дерегі тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен сегіз қылмыс ашылған. Оның ішінде ұрлық – 5, қарақшылық – 1, бұзақылық – 1 және тағы басқа бір қылмыс ашылды. Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың «ізін суытпай» ашуға үлкен көмегін тигізеді.
Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1289 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде нөлдік төзімділік бойынша – 331, жол ережесін бұзған – 634, одан басқа да 324 жайт анықталды.