Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 13 қылмыс ашылды
Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 13 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16–22 қаңтар аралығында Шымкент қаласы полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 5919 әртүрлі сипаттағы қоңырау шалынған. Оның 2631 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Осы апталық ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 13 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық – 7, автокөлікті заңсыз иемдену – 1, бұзақылық – 1, басқа да 4 қылмыс ашылды.
Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сонымен қатар нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1155 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 240, жол ережесін бұзған – 688, одан басқа да 159 жайт анықталды.