Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір аптада «102» арнасына 8 мыңнан астам қоңырау түскен

Шымкентте бір аптада «102» арнасына сегіз мыңнан астам қоңырау түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі сипаттағы 8331 қоңырау шалынған. Оның 3787 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс ашылды. Оның ішінде ұрлық қылмысының саны – 6, тонау қылмысы – 2, автокөлікті заңсыз иелену – 2, басқа да қылмыс саны – 2.

Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашуға үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 954 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде нөлдік төзімділік – 333, жол ережесін бұзған – 511, одан басқа да 110 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру