Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір килограмм есірткімен курьер ұсталды

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті.

- Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді. Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру