Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір күнде қауіпсіздік белдігін тақпаған 218 жүргізуші анықталды

Шымкентте бір күнде қауіпсіздік белдігін тақпаған 218 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында ағымдағы жылдың 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 10 қарашада жол үстінде көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізген 218 жүргізуші анықталды.

Нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілер бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру