Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 67 автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды
Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 67 автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қаңтарда қала аумағында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген 67 автокөлік жүргізушісін анықтаған.
Нәтижесінде, автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар кезде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатыны туралы түсіндірілді.