Шымкентте дүкен ұрысы бейнекамераға түсіп қалды
2021 жылдың 20 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам Әл-Фараби алаңында орналасқан киім дүкенінен жасырын түрде 103 390 теңге тұратын киімдерді ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №18 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнекамера арқылы күдіктінің ізіне түсіп, қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.