Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте дүкеннен әтір ұрлап кеткен әйел ұсталды

Шымкентте дүкеннен әтір ұрлап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қарашада Еңбекші АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу дүкеннен құны 25 000 теңге тұратын әйелдер әтірін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру