Шымкентте екі велосипедті ұрлап кеткен тұрғын ұсталды
Шымкентте екі велосипедті ұрлап кеткен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға жеке үйінің ауласынан екі велосипедті ұрлап кеткені туралы көрсетілген. Келтірілген шығын көлемі 112 мың теңгені құрады.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.