Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте есірткі курьерлері ұсталды

Шымкентте есірткі курьерлері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсанда жедел іс-шаралар барысында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Шымкент аумағында есірткі таратумен айналысқан Алматы қаласының тұрғынын ұстады.Тексеру кезінде әйелден 20 орама есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдіктінің уақытша тұрған қонақүйінен қосымша 80 орама психотроптық зат анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғын үйлердің маңында есірткі қойып кетумен айналысқан Астана қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция есірткі заттарын өткізу аса ауыр қылмыстар санатына жататынын және ол үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру