Шымкентте "Есірткіге жол жоқ!" акциясы өтті
Шымкентте "Есірткіге жол жоқ!" акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп кезекті "Есірткіге жол жоқ!" акциясын өткізді.
Іс-шара аясында Еңбекші ауданындағы Ақпан батыр, Түркістан, Майлы Қожа және Бетховен көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелерде 38 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары өшірілді.
Аталған іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.