Шымкентте ІІМ тәлімгерлер кеңесінің мүшесімен кездесу өтті
Шымкентте ІІМ тәлімгерлер кеңесінің мүшесімен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы Ішкі істер министрлігінің тәлімгерлер кеңесінің мүшесі, ҚР "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің Президумының төрағасы Бексұлтан Сарсеков кездесті.
Генерал өз қызмет тәжірибесімен бөлісіп, тәртіпті нығайту және полиция жұмысының тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Іс-шараға ПД басшылығы, тәлімгерлер кеңесі және ІІО ардагерлері қатысты. Полицейлер генералдың нұсқаулары күнделікті жұмыста қолданылатынын атап өтті.