Шымкентте интернет-алаяқ тұрғынды 120 мың теңгеге алдап кетті
Шымкентте интернет-алаяқ тұрғынды 120 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйек Абай АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында Kolesa.kz жарнама сайты арқылы танысқан белгісіз ер азамат Lexus маркалы автокөліктің алдыңғы бампері сатылады деп, алаяқтық жолмен Kaspi Gold арқылы 120 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді.