Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзған караоке анықталды

Шымкентте түнгі уақытта жұмысып жасап, карантин режимін бұзған караоке анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 20 қазанынан 21 қазанына қараған түні Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында М.Дулати көшесінің бойында орналасқан “Shelby” караоке клубының сағат 01:00-де жұмыс жасап, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығын анықтаған.

Аталған жайт бойынша нысан иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабымен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданылды.

Сонымен қатар, қорқор (кальян) шеккен үш азаматқа және аталған нысан әкімшілігіне ҚР ӘҚБК-нің 441-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру