Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзып, мерейтой жасағандар жауапқа тартылады

Шымкентте карантин режимін бұзып, мерейтой жасағандар жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 шілдесінде сағат 14:00-де Төле би көшесінде орналасқан "Құрма" кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, 50 адамнан асатын 70 жылдық мерейтой өткізіп жатқанын анықтады. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяшылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткені белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру