Шымкентте карантин шектеулерін елемеген караоке-бар анықталды
Шымкентте карантин режимін бұзып, түнгі уақытта жасөспірімнің мекемеде болуына жол берген караоке-бар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында құрылған мобильді топ құрамында тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, ювеналды полиция инспекторлары «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі рейдтер ұйымдастыруда. Кезекті рейдтік шара барысында аудан аумағында орналасқан караоке-бардың карантиндік шектеулерді бұза отырып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Бұл факт бойынша Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтамаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) тиісті шара қолдану үшін құжаттар жинақталып, Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Сонымен қатар аталған нысанда заңды өкiлiнсіз жүрген жасөспірім анықталып, тиісті шара қабылданды.