Шымкентте карантин шектеулеріне бағынбаған рестобар анықталды
Шымкентте карантин шектеулеріне бағынбаған рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасы мен Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкерлері бірлесіп карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 23 мамырында сағат 00:50-де аудан аумағында орналасқан «Lee House» рестобары карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар рестобар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен. Сондай-ақ тиісінше тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қорқор ұсынғаны да белгілі болды.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған рестобар әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.