Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған кафе анықталды

Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қала орталығында орналасқан “Фишер” кафесінің карантин режимін бұзып, жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген нысан әкімшісінен түсініктеме алынды. Карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.

Полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру